«Caspian Riviera Grand Palace»-пен меморандум

Yessеnov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов пен «Caspian Riviera Grand Palace» қонақ үйінің директоры Раушан Емельяновна Хамитова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келіссөздер барысында тараптар туризм және қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту қажеттілігін атап өтті. Осы өзара іс-қимыл шеңберінде «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» жаңа дуалды білім беру бағдарламасы бойынша жоғары білікті кадрлар дайындалатын болады.