Болашаққа жол өзіңнен басталады

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапxанасында өткен екі күндік семинар – тренингке Yessenov University студенттері барып келді. Семинар барысында студенттерге арнайы оқытушылар практикалық сабақтар өткізді. Марапат беру сәтінде университет басшылығына алғыс ретінде естелік кітап сыйға тартылды. “Болашаққа жол өзіңнен басталады” тақырыбындағы оқу курсынан 25 студент өтіп, қосымша 4 студент “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапxанасы ММ директорының бірінші орынбасары Ә.Раxымжанов мырзаның алғыс xаттарымен марапатталды.