Başkent Üniversitesi-мен меморандум

Анкара қаласында Yessenov University басшылығы Başkent Üniversitesi-де іс-сапарда болды. Университет басшылары кездесіп, кездесу барысында екі университет арасында интернационализацияны дамыту мақсатында ынтымақтастық түйіндері анықталды. Кездесу барысында ғылыми зертеуді ұйымдастыруға байланысты инновациялық тәсілдер, академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде білім алушылар мен қызметкерлерді тағылымдамадан өткізу және халықаралық бағдарламалар аясында жобаларға қатысу сияқты өзекті мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол койылды.