Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасымен кездесу өтті

Бүгін, 3 сәуір күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас муфти Серікбай қажы Ораз және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Сқақов Yessenov University студенттерімен кездесті. Кездесу «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында жастармен еркін форматта өтті.

Сонымен қатар кездесу соңында Бас муфти Серікбай Ораз Yessenov University ректоры Берік Ахметовқа өзінің «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйлады.