Шахматтық турнир

Yessenov University Сіздерді Астана қаласының 20-жылдығы және Ақтау қаласының 55-жылдығына арналған шахматтық турнирге қатысуға шақырады.

Турнир уақыты: 18 қазан 2018 жыл

Өтетін орны: Ақтау қ., Yessenov University, 24 шағын ауданы, 2-ші оқу ғимараты, 2-қабат, акт.залы

Шахматтық турнирдің мақсаты:

– Қазақстан Ресспубликасында шахматтың дамуы және жетістіктері;

-салауатты өмір салтын ұстану.

Жеребе туры – 18 қазанда  сағат 9:30.

Турнирдің басталуы –18 қазанда сағат 10-00.

Турнирге Ш.Есенов атындағы КМТИУ докторанттары, магистранттары және студенттері қатыса алады.

Жеңімпаз ең жоғары жинаған балл саны бойынша анықталады.

Сайыс швейцарлық жүйе бойынша жүргізіледі. Уақытты бақылау: әр қатысушының партиясына 15 минут.

Сайысқа қатысушыларды тіркеу 17 қазанға дейін жүреді.

Турнирге қатысуға ұсыныстарды қабылдау мына электронды адреске: akmaral.koishina@yu.edu.kz, gulzhahan.yesbolay@yu.edu.kz 17-қазанға дейін қабылданады. «Шахмат бойынша турнирге ұсыныс» тақырыбында хатты көрсету керек.

Ескерту:

Сайысқа ұсыныс бермеген студенттер қатыса алмайды. Шахматтық турнирге қатысу үшін қатысушылар өзімен бірге студенттік билет және жеке куәліктері болуы керек.

Турнирге қатысушы студенттер сабақтан турнир куні сағат 9-30 бастап  босатылады. Барлық сұрақтар бойынша мына телефон номерлеріне хабарласуларыңызға болады: 417686 или 87787046244,  87015216843, 8708 536 5810.