Ант қабылдау

2018 жылдың 8 маусым күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз базасының Әскери-теңіз күштері  Оқу орталығының 29011 әскери бөлімінің базасында Ш. Есенов атындағы КМТИУ әскери кафедра курсанттары  Отан алдында әскери ант берді.

Құттықтау сөзбен университет ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов сөз сөйлеп, әскери кафедра ұжымына алғыс білдіріп, курсанттарды  ел қорғауда адал қызмет етуге шақырды.

Салтанатты рәсімге курсанттардың ата-аналары, сонымен қатар Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Курсанттарды ата-аналары мен достары әскери ант қабылдауларымен құттықтады.

Кафедра курсанттары саптық алаңда тік лекпен, анық қадаммен, саптық қатар түзеп жүріп өтті. Ант қабылдау рәсімінен кейін курсанттар бірнеше құттықтау әндер орындады, сондай-ақ барлық қатысушылар естелік суретке түсті.