Yessenov University-де «Амал»  мерекесіне арналған  «Амал келді, жыл келді!» мерекелік шарасы өтті. Университет  аумағына 7 киіз үй тігіліп, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. Университетіміздің әрбір факультеті салт-дәстүрлерімізден қойылымдар көрсетті. Арнайы боз кілемде университет студенттері мен қызметкерлері Yessenov Barysy палуандар сайысында бақ сынасты. Ал  қыздар болса  «Бұрымды ару» атағын ортаға салды.