Ақын Қалбай Әбдірамановпен кездесуі өтті

24 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша білім алушылардың жергілікті көрнекті ақын Қалбай Әбдірамановпен кездесуі өтті. Кездесу барысында ақын өзінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы ой толғап, өлеңдерін оқыды және қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Студент жастар да ақынның өлеңдерін оқып, көңілдерінде жүрген ақындық, жалпы шығармашылық туралы ойларымен бөлісті.

Кездесу соңында «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Отарова ақынға алғысын айтып,  шығармашылық табыс тіледі.