9 сәуір күні Yessenov University ректоры

9 сәуір күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Harvard University түлегі, Muqan.kz лидерлік даму орталығының негізін қалаушысы Шыңғыс Мұқанмен тікелей эфирге шықты.

Кездесу барысында білім беру жүйелері, АҚШ пен Еуропадағы онлайн-оқыту тәжірибелері, студенттерді стартап жобаларға жұмылдыру, ұлттық тәрбие ерекшеліктері, университеттегі өзін-өзі басқару ұйымдарының қоғамдық қызметі мен белсенділігін арттыру туралы тақырыптар қозғалды.

Тікелей эфир соңында олар көрермендердің сұрақтарына жауап берді.