Наурыз мерекесі

Yessenov University ұжымы наурыз мерекесін тойлады. 21- наурыз күні «Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні!» атты Yessenov University өнерпаз студенттерінің мерекелік концерті өтсе,
22-наурыз күні Ұлыстың Ұлы күніне арналған негізгі мерекелік іс-шаралары болды.
Мерекелік шара жаңа теңіз жағалауындағы алаңда тойланды. Салтанатты мерекеге облыс басшысы, университет ректоры, проректорлар, оқытушы-профессорлар және студенттер қатысты. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы Тоғжановқа 1 жасқа толған балының тұсауын кесті. Мерекелік думан әуелеген әнмен әрленіп, бимен жалғасты. Қала тұрғындары киіз үйден дәм татып, көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.