“Нұр Отан” партиясының конференциясы

Yessenov University-де “Нұр Отан” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы өтті. Конференцияда “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Келген қонақты университет ректорының м.а. Ермек Нұрмағанбет қарсы алды. Бауыржан Қыдырғалиұлы өз сөзінде Yessenov University-дің жақсы бағытта дамып келе жатқандығынатап өтті. Партияның жастарға мүмкіндіктерді арттыру жолында, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және сапалы жұмыс кадрларын жасақтау бағытында жұмыс жасайтындығын жеткізді. Жиын соңында Бауыржан Қыдырғалиұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы науқанына белсенді қатысқаны үшін бір топ партиялықтарды алғыс хатпен марапаттады. Айта кетерлік жайт Yessenov University ректоры Берік Ахметов конференция шешімімен “Нұр Отан” партиясы Маңғыстау облыстық филиалының саяси кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.