Мейірімділік шуағы

«Жастар шығармашылығы» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қартымызды қадірлейік!» тақырыбында қайырымдылық акциясы өткізілді.

Шараны өткізудегі басты мақсат – студенттер бойына халқымыздың асыл қадір-қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Шығармашылық  үйірмелердің өнерпаз студенттері  Ақтау қалалық №1 қарттар мен мүгедектер интернат үйіндегі қамкөңілді қарттарға күмбірлеген күй, әуезді ән орындады. Өз кезегінде ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты аналар шынайы ризашылықтарын білдіріп, студенттерімізге батасын берді.