Мен таныған Әл-Фараби

Yessenov University-де Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында «Қазақстан тарихы» кафедрасы ұйымдастырған «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты апталықты «Мен таныған Әл-Фараби» атты тарихи тағылымдық іс-шарамен жұмысын жалғастырды.

Әл-Фарабидің атақты «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты еңбегі бойынша студенттер театрландырылған композиция койды.
«Мен таныған Әл-Фараби» атты іс-шара студенттерге ойшылдың  ғылым мен мәдениеттің, өнер мен музыканың  алтын қорына өлшеусіз үлес қосқанын көрсеткен тәрбиесі мен тағылымы мол маңызды шара болды.

Келесі нені оқу керек: