Ұлттық банк өкілдерімен кездесу

2018 жылдың 28 маусымында Yessenov University және ҚР Ұлттық банкінің Маңғыстау филиалы арасында жасалған меморандум шеңберінде «Экономика және құқық» факультеті профессор-оқытушылық құрамының ҚР ұлттық Банкінің Маңғыстау филиалы директоры А.Б. Ашитовпен және қаржылық қызмет тұтынушыларының құқықтарын қорғау және қаржылық ұйымдарды бақылау бөлімінің бас мамандары С.Н. Жайлаубаев және Г.Ж. Исаевамен кездесу өтті.

Кездесу 2 бөлімнен құралды – бірінші бөлім ҚР-ның Президенті Н.Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамалар» халыққа жолдауын талқылауға арналған, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасының артықшылықтары туралы мәселелер талқыланды. Талқылау барысында факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы өз сұрақтарын қойып, Ұлттық Банк өкілдерінен қажетті ақпараттар алды. Кездесудің 2 бөлімінде «Қаржы» мамандығы бойынша жаңа білім беру бағдарламасын талқылады және 2018-2019 оқу жылында дәрістер оқу, практикалық сабақтарды жүргізу, местер-класс өткізу сұрақтары талқыланды.