Елбасы – дара тұлға, дана тұлға

«Бизнес және құқық» факультеті «Менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен Бірінші Президент күніне орай «Елбасы – дара тұлға, дана тұлға» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталған дөңгелек үстелге Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасынан, Маңғыстау облысының жастар саясаты басқармасынан, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығынан өкілдер шақырылды.
Дөңгелек үстел мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың ерекше рөлі мен бастамаларын талқылау. Сонымен қатар, қатысушылар Мемлекет басшысының елдің қалыптасуы мен дамуы, оның әлемдік саяси аренадағы көшбасшылығы мен стратегиялық қадамдарындағы үлесі туралы әңгімеледі.