Дені саудың-жаны сау!

Yessenov University-дің “Инжиниринг” факультетінде «Дені саудың-жаны сау!» атты спартакиада өтті. Факультет деңгейіндегі спартакиаданы “Геология” кафедрасының оқытушыларының және студенттерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Спартакиаданың мақсаты-студенттерге салауатты өмір салтына және спортқа деген сүйіспеншілікке баулу. Өткізілген спартакиада Yessenov University-де жан-жақты дамыған және талантты жастардың білім алып жатқандығын дәлелдеді.