“Cisco” зертханасының ашылуы

Yessenov University-де “Cisco” компьютерлік зертханасының ашылу салтанаты өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағаның бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Тумышев Нури Лазарұлы, университет басшылығы, қызметкерлер және студенттер қатысты.  Зертхана «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арнайы жабдықталған. студенттер арнайы курсты өткен соң “Cisco” халықаралық сертификаттарын иемдене алады. Cisco – жоғары технологиялар саласында маманданған әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі. Cisco құрылғыларының қолдану аясы кең болғандықтан, сертификаттарды иемденген мамандар, үлкен сұранысқа ие.