Универсиада жеңімпаздарын ұлықтау

Yessenov University “Дене тәрбиесі” кафедрасының ұйымдастыруымен VI Халықаралық спорттық студенттер ойындары универсиадасының жеңімпаздары атанған студенттерімізге арналған салтанатты мерекелік шара өтті. Шарада университет проректоры Г.У. Джолдасбаева, Базалық факультетінің деканы К.К. Макулов және кафедра меңгерушісі Б. М. Мендалиев жеңімпаздарды құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.