Татулықты ту еткен тұлға

«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен танымал  қоғам қайраткері және дарынды басшы, «Халық келісімі» ҚБ-нің  негізін қалаушы Ж.Сейдалиевтің қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтуға қосқан үлесін зерделеу және ілгерілету мақсатында «Татулықты ту еткен тұлға» атты іс-шара өткізілді.

Шараға Маңғыстау облысының ҚХА басшылары, Ж. Сейдалиевпен әр жылдары қызметтес болған этномәдени бірлестіктердің өкілдері, үзеңгілес жолдастары,  отбасы мүшелері, ҚХА кафедрасының оқытушылары мен университет студенттері қатысты.

Шара «шай үстіндегі сұхбат» форматында жылы және достық атмосферада өтті. Студенттер аталған тақырып бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынып, қонақтар өмір жолы шынайы патриотизм мен ерен еңбекпен өрілген атақты жерлесіміз жөнінде естеліктерімен бөлісті, Ж.Сейдаловтың қызметі туралы сирек бейнематериалдар көрсетілді. Шара соңында университет қонақтары Ж. Сейдалиев атындағы аудиторияның оқу столдарына отырып, көрмелік стендтермен танысты.