Пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары

#YessenovFest аясындағы II республикалық пікір-сайыс турнирінің жеңімпаздары:
І орын – Атырау қаласының оқушылары Ибрашева Дана мен Бақтығалиева Әдемі Yessenov University оқу грантына ие болды;
II орын – Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Шарықтыбай Айғаным мен Қарабай Салтанат оқу ақысын төлеуде 75 % жеңілдікке;
III орын – Түркістан қаласының оқушылары Еділбай Ернар мен Тезекбай Рамазан оқу ақысын төлеуде 50 % жеңілдікке ие болды.
«Үздік талпыныс» номинациясымен Жолдас Ернар және Абдуғани Тоғжан марапатталды.
«Үздік спикер» номинациясының иегері – Түркістан қаласының оқушысы Жолдас Ернар Yessenov University-де 1 жыл тегін оқу грантымен марапатталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Біздің университет жаңа талапкерлерді құшақ жая қарсы алады!