Көшбасшы жолы

Yessenov University «Базалық» факультеті, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының оқытушысы Бағдатұлы Міржақыптың ұйымдастыруымен «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай және Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жарияланған мақаласы аясында студенттермен «Көшбасшы жолы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған жылдардан бергі еліміздің дамуындағы рөлін ерекше атады. Мемлекет құрудағы өзіндік модельді қалыптастыруы, стратегияларық бағдарламалары, ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтудағы орасан еңбектері жайында сөз қозғалды. Мәселен, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жарияланған мақаласы талқыланды.