«Ел жүрегі – Астана» пікірталасы

«Инжиниринг» факультетінің студенттері арасында «Ел жүрегі – Астана» тақырыбында пікірталас өткізілді. «Машина жасау және көлік» кафедрасының оқытушылары Мамбеталиева Г.С., Юсупов А.А., Бегендикова Ж.А. ұйымдастыруымен  Шараның мақсаты: Елордасы Астана қаласы туралы білім алушылар арасындағы ақпаратты күшейту, білім алушылардың патриоттық сезімін тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге және туған елге деген сүйіспеншілігін ояту. Пікірталаста «ЭКСПО-2017», «Цифрлендіру – болашақтың ақылды қаласы», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы 4-ші өнеркәсіптік революция  сияқты өзекті мәселелер талқыланды.