Қарттарым-асыл қазынам

«Машина жасау және көлік» кафедрасының  оқытушылар құрамы мен студенттері Қарттар үйінде қайырымдылық шарасын өткізді. Іс-шараның мақсаты:  жастарды қарт адамдарды құрметтеуге үйрету, жастардың қайырымдылық және мейірімділігін арттыру. Студенттер қарттарды алдағы мерекемен құттықтап, би билеп, ән шырқады.