«Бизнес және құқық» факультеті «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының оқытушылары «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түпқараған ауданында орналасқан Қалипан және Қошқар ата қорымдарына барды.

Шараның мақсаты: тарихи кезеңдерден қалған рухани орындарды аралап, ашық аспан астындағы музей болып саналатын өлкеміздің бай тарихи-мәдени мұрасымен танысу.