«Қазақстан-достық мекені» атты мерекелік шара өтті

Алғыс айту күніне орай университет қабырғасында  «Экономика және құқық» факультеті «Достық» студенттік клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен, «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедраларының қатысуымен «Қазақстан-достық мекені» атты бірегейлік пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында мерекелік шара өткізілді.

Манғыстау облысы әкімінің апапаратының «Қоғамдық келісім» КММ өкілі  Рахат Алмен өзінің сөзінде қатысушыларға облыс көлемінде өткізіліп жатқан шаралар туралы, алда атқарылатын жұмыстар туралы ақпарат бере отырып, университетте атап айтқанда, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасында  әлеуметтік үйлесім мен ұлттық бірлік бағытында атқарылып жатқан ақпараттық-насихаттау, ғылыми-сараптамалық жұмыстарына белсенді қатысып жүргендеріне алғыс білдірді.