Ардагерлермен кездесу

Yessenov University-дің әскери кафедрасының студенттері Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік кеш өткізді, оған запастағы полковник Тоқманбет Сұлтан Әбуұлы әскери кафедраның аға оқытушысы және запастағы сержант Қызыл Жұлдыз орденінің кавалері Абдухалыков Дарбек шақырылды.

Кеш барысында Ауғанстандағы соғыс ардагерлері студенттерге өздерінің жауынгерлік қызметі, Отанға деген сүйіспеншілік пен Отан алдындағы борыш туралы айтып берді. Студенттер көптеген сұрақтар қойып, ұлдарымыз бен қыздарымызды рухтандыратын ерлік туралы әнгімелерді қызықтап тындады.