«Jas kásіpker 2020» стартап жобалар байқауы

Yessenov University мектеп, колледж түлектерін «Jas kásіpker 2020» стартап жобалар байқауына қатысуға шақырады! «Jas kásіpker 2020» байқауы – еліміздің амбициялы жастарына арналаған стартап жобалар байқауы.

Байқауға келесі бағыттағы жобалар қатыса алады:

– IT технология
– Туризм және қызмет көрсету
– Ауыл шаруашылығы
– Ғылыми инновация
– Медицина
– Экология
– Әлеуметтік жоба
– Білім беру және ұрпақты дамыту
– Құрылыс және дизайн
– Шығармашылық және қолөнер

Байқау мақсаты: Өңір жастары арасында кәсіпкерлік белсенділікті арттыру,  жастардың стартап идеяларын таныстыруына мүмкіндік беру

Байқау міндеттері:

  • Жастардың арасында кәсіпкерлік ісін дәріптеу;
  • Жас Кәсіпкерлердің кәсіби және жеке дамуына ықпал ету;

Байқау кезеңдері:

1. Онлайн тіркелу – 26 сәуірге дейін.
2. Жобаларды іріктеу – 27 сәуір 2020 жыл
3. Жобаны қорғау – 29 сәуір онлайн форматта өтеді

БАСТЫ СЫЙЛЫҚYessenov University білім гранттары

Байқауға 14-25 жастағы осы жылы мектеп және колледж бітіретін түлектер қатыса алады.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН:

1. Сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өтіңіз https://forms.gle/i5kcgMkLdZNChiG78
2. Өзіңіздің стартап-жобаңызды ұсыныңыз және қорғаңыз!

Байқауға қатысу тегін!

Байланыс

Жоба менеджері: Космаганбетова Гулжазира
Телефоны: +7 701 092 44 14
электрондық почта: startup@yu.edu.kz
Instagram: startup.yu