Академиялық ұтқырлық

Құрметті студенттер, Еуропа және АҚШ елдерінде академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқу үшін конкурс жарияланады. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2020 жылдың 15 ақпанына дейін.

Үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  • ҚР азаматы паспортының көшірмесі;
  • Білім туралы құжат: жоғары оқу орнының мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
  • Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат: бар болса, шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйесі арқылы алынған сертификат; қазақстандық ЖОО-ның тестілеу нәтижесі (B2-ден төмен емес);
  • ҚР-нан шығу кезінде 18 жасқа толмаған жағдайда үміткердің ата-анасының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің шетелде шығуға жазбаша келісімі;
  • Студенттің көп балалы отбасынан шыққандығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
  • Студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін);
  • Студенттің мүгедектігін растайтын құжат;

Толығырақ ақпарат алу үшін YU халықаралық бөліміне (12 қабат, 12-4, 12-8 кабинеттер) хабарласуларыңызды сұраймыз. Телефон 42-57-59.