March 2018

Month

13 наурыз күні «Отпан тау» мәдени-мемориалдық кешенінде Республикалық «Амал – 18» мерекесіне арнайы шақырылған қонақтардың, Yessenov University оқытушылары мен «Отпан тау» мәдени-мемориалдық кешені қызметкерлерінің қатысуымен «Отпан тау – рухани дәстүріміздің негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан жыл басы – Амал мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр...
Read More
Yessenov University мен «Маңғыстау электротораптық  бөлу компаниясы» АҚ арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында келесі негізгі бағыттар бойынша білім беру және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық жүзеге асырылады: –  өндірістік тәжірибені қамтамасыз ету; – 5В071800 “Электроэнергетикасы” мамандығының студенттерін даярлау және кәсіпорынның өндірістік нысандарында тікелей зертханалық және тәжіриебелік сабақтар жүргізу үшін “Маңғыстау электртораптық бөлу компаниясы”...
Read More
1 – 11 наурыз аралығында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасының VII Қысқы Универсиадасы өтті. 11 спорт түрінен спорттық іс-шараға Қазақстанның жоғары оқу орындарынан 1000-ға жуық студент қатысты. Бұл шараға Yessenov University студенттері де қатысты. Yessenov University студенті Шолпанов Ыбырай 75 келі салмақ категориясында қол күрестен 1-орынға ие болды.
Read More
Бүгін университет ұжымының ер азаматтарының ұйымдастыруымен  Халықаралық әйелдер күніне арналған  «Асыл аналар, сұлу арулар!» атты  мерекелік концерт өтті. Мерекелік шарада профессорлық-оқытушылық құрамынан бастап бөлімдер қызметкерлері мен өнерлі білім алушылары «Универ» студенттік вокалды-аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен өнерлерін паш етіп, әйелдер қауымын құттықтады.
Read More
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін талқылау мақсатында университеттің профессорлық-оқытушыларының және студенттерінің қатысуымен арнайы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелде «Көлік және құрылыс» факультетінің деканы Жолдыбай Жұмаев, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі Айжан Омарова, доцент Қосарбай Қожахмет, доцент Шарапат Абишева және аға оқытушы Раушан Каметова баяндама жасап, Елбасының бес әлеуметтік бастамасының әр...
Read More
«Ақпараттық жүйелер және энергетика» кафедрасының кураторлары мен студенттерінің қатысуымен «Жұмақ ананың аяғының астында» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара барасында студенттер гитарамен өлең айтып, қызықты ойындар ойнатып және Халықаралық әйелдер мерекесінің шығу тарихына байланысты баяндамалар оқыды. «Жұмақ ананың аяғының астында» тақырыбына арналған қабырға газеттері ілінді.
Read More
6 наурыз күні «Педагогика» факультеті  «Физика және математика» кафедрасының ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік  іс-шарасы өткізілді. Іс-шара  барысында оқытушылар мен студенттердің қатысуымен түрлі сахналық көріністер көрсетілді, әндер орындалды және ойындар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – анаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, үлкендерге құрмет көрсету, студенттердің рухани-адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу.
Read More
6 наурыз күні «Экономика және құқық» факультетінің 2 – курс студенттеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тұтынушылар құқықтарын қорғау бөлім басшысы Алмаз Ермеков тақырыптық дәріс оқыды. Дәріс барысында студенттерге тауар сатып алу мен қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтары қорғау, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін...
Read More
5 наурыз күні «Педагогика» факультетінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік дәуірі – егемен ел шежіресі» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұри Тумышев, партия ардагері, белгілі журналист Есберген Іңірбаев, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және студенттер қатысты. Қазақстан Республикасы Президентінің тарихи ой-толғауына арналған бұл конференцияда партия ардагері Есберген Іңірбаев Елбасының егемен...
Read More
«Экономика және құқық» және «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеттерінің ұйымдастыруымен университет студенттерінің қыздары арасындағы волейболдан жарыс өтті. Бұл жарысты өткізудің мақсаты – студент-жастар арасында салауатты өмір-салтын қалыптастыру және оны насихаттау. Жарысқа университеттен 5 команда қатысып, жарыс қызықты, тартысты әрі бәсекелестікпен өтті. Көрермендерге әдемі ойындар көрсетілді. Әр факультет өз командаларына жанкүйер болды. Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: І орын...
Read More
1 2 3 4