Жастар саясаты, маркетинг және байланыс бөлімі

Жастар саясаты, маркетинг және байланыс бөлімінің мақсаты – университетте жастардың қоғамдық қызметін жандандыру, патриоттық сезімін ояту арқылы азаматтық қалыптасуын жүзеге асыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, тың жобаларға белсенді студенттерді жұмылдыру, университет жастарының рухани байлығы мен  интеллектуалдық дамуына ықпал ететін жағдай жасау болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Жастар саясаты, маркетинг және байланыс бөлімі тәрбиенің құрылымын жетілдіру мақсатында түрлі тақырыпта кездесулер, семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, белсенді, талантты студенттерді танытып, белсенді жастар үшін түрлі жобалар жасап, дәстүрлі пікірсайыс турнирлер, түрлі акциялар, флешмобтар, конкурстар ұйымдастырады.

 

— Университеттің мәдени құндылықтарын дамыту, насихаттау бойынша білім алушылардың мәдениетін қалыптастыруға қатысты жүргізілетін жұмыстардың бағдарламасын дайындайды;

 

— Әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмыстарына қатысты факультеттерде ұйымдастырылатын іс-шаралардың өтуін қадағалайды;

 

Жастар саясаты, маркетинг және байланыс бөлімінде келесідей студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары бар:

  • UNION of YU студентік ұйымы;
  • Жастар ісі жөніндегі комитет;
  • «Шамшырақ» қайырымдылық клубы;
  • «Аяла» қыздар клубы;
  • «Кемел» пікірсайыс клубы;
  • «Starmedia» медиа клубы;
  • «Fashion» сән клубы;
  • Жайдарман «YU liga» клубы.

 

Олардың қызметі, өзінің ережелері, жұмыс жоспарлары және құрамының тізімі бар.

 
Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 11 қабат, А 11-04
 
8(7292) 42 57 19 (120)
 
nurbolsyn.bersugurova@yu.edu.kz