Салалық кәсіподақ ұйымы

Университеттің бастапқы кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары – кәсіподақ мүшелерінің жеке және ұжымдық әлеуметтік-еңбек, кәсіби, экономикалық және өзге де құқықтары мен мүдделеріне өкілеттік ету және қорғау; кәсіподақтың және оның еңбек ұжымындағы мүшелік ұйымдарының міндеттерін жүзеге асыру.

Университеттің бастапқы кәсіподақ ұйымының міндеттері:

1) кәсіподаққа тарту бойынша жұмысын жүргізу;
2) Кәсіподақ Жарғысын, өз құзыреті аясында қабылдаған кәсіподақ органдарының шешімдерін орындау;
3) ұжымдық шарт әзірлеу және жасасу, оның орындалуын бақылау, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі келісімдерді жасасу және орындалуын бақылауға септігін тигізу;
4) кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда ынтамақтастық танытып, кәсіподақтың ұжымдық әрекеттерін ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
5) Кәсіподақ Жарғысымен белгіленген тәртіпке, мерзімдері мен мөлшерлерге сәйкес кәсіподақ ұйымының қызметін ұйымдастыруға қаржы аударумен байланысты қаржы тәртібін сақтау және шешімдерді орындау;
6) жұмыс берушілердің мүшелік жарналарды толық және уақытылы аударуына бақылау жүргізу;
7) жоғары тұрған тиісті кәсіподақ органдарына статистикалық мәліметтерді, қаржылық есептерді және жоғары тұрған кәсіподақ органдарымен бекітілетін нысандар бойынша өзге де ақпаратты беріп тұру;
8) жиналыс (конференция), сайлау алқалық кәсіподақ органдарының қарауына жоғары тұрған кәсіподақ орагандарымен ұсынылған сұрақтарды енгізу;
9) кәсіподаққа, кәсіподақ ұйымдарына зиян мен шығын келтіретін әрекеттерге жол бермеу.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 3 қабат
87292 42 57 94 (123)
zhanar.abdukarimova@yu.edu.kz