Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және аккредиттеу бөлімі

Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және аккредиттеу бөлімінің негізгі мақсаты – ағымдағы жағдайларды зерттеу, талдау арқылы университеттің даму стратегиясын анықтау, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу және бизнес-үдерістердің сапасын басқару жүйесін жетілдіру негізінде университеттің рейтингісін арттыру.

Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және аккредиттеу бөлімінің міндеттері:

• Ағымдағы жағдайды, нормативтік-құқықтық актілерді талдау негізінде университеттің стратегиялық жоспарын әзірлеу, қазақстандық және шет елдердің білім беру жүйесін реформалау және жаңғыртудың оң тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату;
• Ұлттық және жетекші халықаралық агенттіктерде мамандандырылған аккредиттеу арқылы университеттің имиджін көтеру бойынша жұмыстарды орындау, ұлттық және халықаралық рейтингтерге қатысу;
• Университеттің ПОҚ, ӘБҚ, ОКҚ және қызметкерлері үшін материалдық ынталандырудың тиімді жүйесін әзірлеу;
• Университеттің білім сапасының мониторингтік зерттеулерін жүргізу;
• Университет қызметінің индикативтік көрсеткіштерінің ақпараттық-анықтамалық базасын құру;
• Университет қызметінің транспарентігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдігін төмендету бойынша жұмыстарды жүргізу;
• Ішкі сапа кепілділігінің жүйесін қамтамасыз ету және сапа мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізу.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 9 қабат, А9-05
87292 42 57 39 (140)
aisulu.zhumurova@yu.edu.kz