Күзет қызметі

Университет ғимараттарының күзетілуін қамтамасыз ету, кіруге рұқсат режімінің сақталуын бақылау, ғимараттарда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету, материалдық құндылықтардың қозғалысын қадағалау, ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

Күзет қызметінің міндеттері:

• Күн тәртібі ережелерінің орындалысын қадағалау және орындалуын талап ету;
• Демалыс және мереке күндері арнайы рұқсаты жоқ қызметкерлерді университет ғимараттарына өткізбеу;
• Университет ғимараттарының қауіпсіздігін олардың орналасуына байланысты жабдықталған техникалық құралдарымен және басқа да әдістермен стационарлық БӨП мен өту посттары арқылы өрт-күзет дабыл қаққышы мен хабарлау жүйесін қолданып қамтамасыз ету;
• Университет ғимараттарын өрт, табиғи апаттар, қоғамдық тәртіпсіздіктер кезіндегі тонаудан, ұрлық және зиянкестік әрекеттерінен және т.б. жағдайлардан қорғауын қамтамасыз ету;
• Университет ғимараттарына заңсыз өту жағдайларының алдын алу;

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 1 қабат, А1-02
87292 42 57 69 (170)
myrzatay.zharylgassinov@yu.edu.kz