Ғылым және кәсіпкерлік бөлімі

Университеттің білім және ғылым кеңістігінде бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ғылым және кәсіпкерлік бөлімі ғылыми зерттеулер көмегімен тұлғаның үйлесімді және сапалы дамуы арқылы болашақта жоғары білікті мамандарды, табысты кәсіпкерлерді дайындауға ұмтылады.

Ғылым және кәсіпкерлік бөлімінің міндеттері:

• зерттеулердегі теория мен тәжірибенің ең үздік үлгілерін қолдана отырып, ерекше жобалар дайындау;
• университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
• университеттің ғылыми жұмысын жоспарлау және университеттің Ғылыми кеңесінің бекітуіне ұсыну, уақытылы орындалуын бақылау;
• университеттің ғылыми журналының сапасын арттыру;
• маңызды ғылыми-техникалық міндеттерді бірлесіп шешу, жоғары технологиялар жасау және жоғары оқу орындарында дайындалған жобалардың өндірісте қолданылуын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындарымен ғылыми-техникалық әріптестіктің болашақ формаларын дамыту;
• жоғары технологиялар нарығына бағытталған ғылыми-техникалық өнімдерді және жаңа техника мен материалдардың бәсекеге қабілетті үлгілерін шығару мақсатында университеттің инновациялық жобаларға қатысуын ұйымдастыру;
• болашақта жеке бизнесін бастап кету үшін студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту және оларға кәсіпкерлік дағдыларын үйрету;
• кәсіпкерлік саласындағы зерттеулерді іс-тәжірибеде қолдану.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 12 қабат, А12-02
8 (7292) 42 57 80 (181)
yerzhan.imanbayev@yu.edu.kz