Тіркеу бөлімі

Мақсаты – кредиттік технология бойынша оқыту жағдайында білім алушылардың академиялық рейтингісін есептеу және олардың оқу кезеңдеріндегі оқу жетістіктерін тіркеуді сапалы түрде жүргізу.

Тіркеу бөлімінің міндеттері

  • Оқу процессін ұйымдастыру;
  • Білім алушыларды пәндерге тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу;
  • Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
  • Академиялық күнтізбенің уақытылы орындалуын бақылау;
  • Оқудың баллдық-рейтингтік жүйесінің орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • Білім алушылардың оқу жетістіктерінің академиялық жазбаларын сақтау.

Тіркеу бөлімі қызметінің негізгі түрлері:

  • білім алушыларға арналған анықтамалық-жолсілтегішін дайындау;
  • бағдар беру аптасын ұйымдастыру және жүргізу;
  • шақыруды рәсімдеу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуіне шақыру беру, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімін ұзарту және қысқарту;
  • академиялық топтарды қалыптастыру;
  • білім алушыларды сынақ кітапшаларымен және студенттік билеттермен қамтамасыз ету;
  • білім алушылар туралы мәліметтерді мәліметтер базасында толықтыру (төлеу формасы, әлеуметтік жағдайы);
  • білім алушылардың жеке оқу жоспарларын (ЖОЖ) құру;
  • автоматтандырылған ақпараттық жүйеде (ААЖ) электрондық журналдарды қалыптаструды жүзеге асыру және уақытылы толтырылуын бақылау;
  • білім алушылардың оқу жетістіктерінің тарихын жүргізу;
  • білім алушылардың жеке істерін жинақтау және сақтауды қамтамасыз ету (толық құжаттар тізімдемесімен);
  • шетелдік студенттердің білімі туралы құжаттарын тану және нострификациялау процедурасын ұйымдастыру;
  • статистикалық басқармаға жіберілетін мемлекеттік статистикалық есебін дайындау (1НК, 3НК формалары бойынша);
  • есеп беру мәліметтерді қалыптастыру, оған статистикалық есеп мәліметтері де кіреді (ЕСУВО);
  • білім алушылардың академиялық ұтқырлығын үйлестіру;
  • білім алушылардың үлгерімін бақылаудың барлық түрлерін: ағымдық, аралық, қорытынды бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
  • мемлекеттік емтихандардың, диплом жобалар (жұмыстар) қорғауының өткізілуін ұйымдастыру және бақылау;
  • дипломдар мен оларға қосымшаларды дайындау және беру;
  • апелляциялық комиссия жұмысын ұйымдастыру және апелляциялық комиссия отрысының хаттамаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • емтихан сессиясына жіберілудің академиялық рейтингісін бақылау;
  • жылдық өту баллын (GPA) есептеу;
  • транскрипттерді дайындау және беру;
  • мемлекеттік білім гранты бойынша бос орындарды есептеу (емтихан сессияның қорытындысы бойынша);
  • оқу бағдарламаларындағы академиялық қарыздары мен пән айырмашылықтарын жою мақсатында жазғы семестрді ұйымдастыру;
  • білім алушылардың академиялық рейтингісін құру;
  • білім алушылар контигентінің өзгерісі туралы ай сайынғы статистикалық есепті дайындап жіберу (ҚР БҒМ, статистикалық басқарма, бухгалтерия);
  • білім алушылар контигентінің қозғалысы туралы мәліметтер даярлау;
  • білім алушылардың құжаттарының көшірмелерін беру;
  • шетелдік студенттерге анықтама беру;
  • әскер қатарына шақарылған студенттерге анықтама беру;
  • оқу орнынан анықтамалар беру (арнайы жәрдемақы алу үшін 2-1, 3, 4, 6 қосымшалары, сұраныс орнына тапсыру үшін);
  • ҚІБ-на ақпарат дайындау (әскери қызметшілер);
  • «Әскери» кафедрасымен жұмысты ұйымдастыру;
  • оқуға қайта қабылдануға, ауысуға, академиялық демалыс алуға өтініштер қабылдау;
  • басқа жоғары оқу орнынан ауысқан, оқуға қайта қабылданған студенттердің құжаттарына жазбаша сұранысын рәсімдеу;
  • білім алушылар контигентіне қатысты бұйрықтарды дайындау және шығару;
  • қатаң есептегі бланкілердің қабылдануын, сақталуын және берілуін қамтамасыз ету (диплом бланкілері, академиялық анықтамалар, дипломға қосымшалар және т.б.);
  • оқу-есептік құжатнаманы мұрағатқа тапсыру;
  • мемлекеттік қызмет түрлерін көрсету;
  • жоғалған, бүлінген және тегі өзгерген жағдайда дипломдар мен оларға қомысшалардың көшірмелерін дайындау және рәсімдеу;
  • жоғары (жоғары білімнен кейінгі) білімді аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтаманы дайындау және рәсімдеу;
  • білім алушылардың хаттары мен өтініштеріне (арыздарына) жауап дайындау.
Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 1 қабат
8 (7292) 42-57-16 (117)
altynay.zhaparova@yu.edu.kz