Қабылдауды ұйымдастыру және электрондық сүйемелдеу бөлімі

Қабылдауды ұйымдастыру және электрондық сүйемелдеу бөлімі Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ҚҰжЭСБ бөлімінің міндеттері:

• жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін талапкерлердің сапалы қабылдауын қамтамасыз ететін іс-шаралар жүйесін дайындау және іс жүзінде орындау;
• университетте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
• талапкерлерден құжаттарды қабылдау үшін қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және оқуға түсу сынақтарын ұйымдастыру;
• оқуға түсушілерге және олардың ата-аналарына қабылдау ережелері мен білім беру қызметтерінің мазмұны бойынша тұрақты түрде кеңес беру;
• қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу процессін басқаруды автоматтандыру үшін бағдарламалық кешендерді енгізу және сүйемелдеу;
• автоматтандырылған ақпараттық жүйеде талапкерлер базасын толтыру бойынша жұмысын іске асыру;
• қабылданған студенттердің сандық және сапалық сипаттамаларын көрсететін мәліметтер базасын құру, деректердің аналитикалық өңделуін жүргізу, есеп беру мәліметтерін қалыптастыру және статистикалық есеп беру;
• порталдың электрондық оқу-әдістемелік кешендермен уақытылы толықтырылуын бақылау;
• порталдағы электрондық оқу-әдістемелік кешендердің барлық құрылымдық бөлімдерінің болуын бақылау;
• мамандық дистрибутивтерін қалыптастыру және жазу;
• университет қызметкерлерінің автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жұмыс жасау мәселелері бойынша оқудан өтуін ұйымдастыру;
• қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша қолданылатын жергілікті желілер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің сүйемелдеуіне қатысу;
• қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша бағдарламалармен жұмыс жасаудың нұсқаулығын дайындау, қажетті техникалық құжатнаманы рәсімдеу;
• енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды сүйемелдеу.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 1 қабат, B1-04
87292 42 57 57 (158)
lazzat.saduakassova@yu.edu.kz