Баспахана

Универститет баспаханасы оқытушылар дайындаған оқу-әдістемелік құралдарын сапалы түрде дайындап, шығару үшін 2002 жылы құрылған. Баспахананың жалпы аумағы 120 шаршы метр. Жұмыс аумағы арнайы жасақталған және келесі заманауи сандық аппараттармен жабдықталған: XEROX Workcentre, FRONT Гильотина 670HP, Ламинатор рулондық RSL-380, Мұқаба дайындауыш машина 3/1 SK-950C, Желімді машина JS500, Ыстық Пресс TC-800T, Сканер Epson WorkForce DS-50000, Автоматттық терможелімді биндер А3 FJ-805LH.

Университет сұранысын қамтамасыз ету мақсатында ұзақ жылдар бойы баспаханамыз маңызды тапсырыстарды жоғарғы полиграфиялық деңгейде орындайды. Қолжеткізген техникалық деңгейіміздің, жалпы және қосымша өндірістің әрдайым жаңартудың арқасында және баспахана мамандарының кәсіпқойлығының арқасында университетті баспа өнімдерімен: кітап, брошюра, “Жас толқын” газеті, ғылыми еңбектер жинақтары, оқулық, монография және басқа да оқу, оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиеттермен толықтай қамтамасыз етеді. Университет студенттері үшін анықтама жолсілтегіші, элективті пәндер каталогы, пәндердің оқу-әдістемелік кешендері және университеттің барлық мамандықтары бойынша пәндердің силлабустары шығарылады. Жыл сайын баспаханадан 1000-нан астам кітап басылып шығады. Сонымен қатар, жыл сайын 800-ден астам тапсырыс орындалады.

Қазіргі таңда баспахана қызмет түрлерін дамыту және клиенттік базаны кеңейту үшін бар күшін салуда. Баспахана – университеттің үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ететін университет тетігінің қажетті және маңызды элементі.