Қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі

ҚЕҚҚ басшысы қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша заңдар, бұйрықтар, ережелер, нормалар мен стандарттар талаптарының сақталуын және орындалуын қадағалайды. Ұйым жұмыскерлерін қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нұсқамадан, оқудан, білімін тексеруден өткізу тәртібін ұйымдастырады. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым жағдайлардың тергеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің міндеттері:

Еңбек Кодексінің 202-бабының 4-тармағына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе маманы:
• өндірістік, тұрмыстық және басқа да жайларға кедергісіз кіруге және қарауға;
• қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау, ұйымның құрылымдық бөлімшелерінде өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың бойынша алдын алу шараларының дайындалып, орындалуын бақылауға;
• ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қолдану туралы орындалуға міндетті нұсқаулар беруге құқылы.
Еңбек Кодексінің 202-бабының 5-тармағына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе маман:
• ай сайын ұйымдарда өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйі мен себептеріне талдау жүргізуге және олардың алдын алу бойынша іс-шараларын әзірлеуге және оларды тұрақты сақтау үшін ұйымның электрондық дерекқорына енгізуге;
• ұйымның жұмыскерлерін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытуды, олардың білімдерін тексеруді ұйымдастыруға;
• еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті
87292 42 57 94 (167)
yerbol.mussayev@yu.edu.kz