Кеңсе

Кеңсе өз жұмысында Қазақстан Республикасының іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруға, іс қағаздарын жүргізу жүйесіне, ұйымдық-өкімдік құжатнаманың бірыңғай жүйесінің стандарттарына, ұйымның құрылымына, құжат айналымы схемасына, істердің номенклатурасын, тұрақты және уақытша сақталатын істердің тізтізімдемесін, белгіленген формадағы есептерді, дайындау тәртібіне, істерді мұрағатқа тапсыру мерзімдері мен тәртібіне, құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру жүйесіне қатысты қолданыстағы заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, экономика, өндірісті, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру негіздерін, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын басшылыққа алады.

Кеңсе бөлімінің міндеттері:

  • Кеңсенің жұмысын ұйымдастырады;
    • Келетін және жөнелтілетін хат-хабардың уақытылы өңделуін, оның бағыты бойынша тиісті жеткізілуін қамтамасыз етеді;
    • Құжаттардың орындалу мерзімдеріне және олардың дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асырады;
    • Ағымдағы іс қағаздарын жүргізудің құжаттарын, соның ішінде істерді қалыптастыру және оларды сақтауға тапсыру бойынша басшылықтың бұйрықтарын және өкімдерін, тіркеу, есеке алу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырыу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Жоғарыдағы органдардың нұсқаулық сипаттағы құжаттары негізінде ұйымда ісқағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулығын дайындайды және оның енгізілуін ұйымдастырады;
  • Іс қағаздарын жүргізу қызметінің қызметкерлерін қажетті нұсқаулық және анықтамалық материалдарымен, сондай-ақ құралдар-жабдықтармен, ұйымдастыру техникасымен, басқару еңбегінің техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
  • Құрылымдық бөлімшелердегі іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырудың әдістемелік басшылығын, істердің дұрыс құрастырылуына, сақталуына және мұрағатқа уақытылы тапсырылуына бақылауды, құжаттарды орындау мерзімдерінің сақталуы туралы анықтамаларды даярлауды жүзеге асырады;
  • Қызметтік құжаттардың басылуын және көшірмелерін түсіруді қамтамасыз етеді.
Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 1 қабат, А1-01 кабинет
87292 42 57 77(178)
info@yu.edu.kz