Халықаралық бөлім

Халықаралық бөлімінің мақсаты – шет елдердегі жоғары оқу орындары мен білім беретін ұйымдар арасында халықаралық қатынасты және әріптестікті дамыта отырып, университеттің әлемдік білім беру кеңістігінде өз орнын табуға, сондай-ақ шетел студенттеріне, оқытушылар мен қызметкерлерге қолдау көрсету арқылы университетті интернационалдандыруда алға ұмтылу.

Халықаралық бөлімінің міндеттері:

• шетелдік оқу орындары мен халықаралық ұйымдармен және қорлармен ұзақ мерзімдік және екі жаққа да тиімді байланыс орнату, қолдау және дамыту;
• университетке келген шетел азаматтарына оқытудың барлық нысандары бойынша білім беру қызметін ұйымдастыру;
• студенттердің академиялық ұтқырлық бойынша, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдама бойынша бағдарламаларын дамыту;
• білім бағдарламаларын интернационалдандыру, сонымен қатар халықаралық қосдипломдық білім бағдарламаларын жүзеге асыру;
• халықаралық білім және ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
• халықаралық конференцияларға қатысу және Ш. Есенов атындағы КМТИУ базасында халықаралық конференциялар ұйымдастыру.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 11 қабат, А12-06
87292 42 02 29 (204)
laula.zhumabayeva@yu.edu.kz