Кадрлар бөлімі

Кадрлар бөлімінің негізгі атқаратын қызметі – Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Университеттің барлық құрылымдық бөлімдерінің кадрлық іс-қағаздарын жүргізу, өндірістік мәселелерді шешу, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын бақылау болып табылады.

Кадрлар бөлімінің атқаратын міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалығына сәйкес қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, қызметін ауыстыру және шығару, кадрларды қабылдау мен қозғалысын рәсімдеу;
  • жеке құрамды есепке алу, кадрлар бойынша белгіленген құжаттарды жүргізу және сақтау: қызметкердің қазіргі және бұрыңғы еңбек қызметі туралы анықтамалар беру, сондай-ақ ведомстволық және мемлекеттік мараптаттарға және көтермелеуге ұсыну үшін материалдар дайындау;
  • аттестаттау және біліктілік комиссияларының жұмысына қатысу;
  • қызметкерлермен еңбек және шұғыл еңбек келісім-шарттарын жасау, еңбек және шұғыл еңбек келісім-шарттардың құпиялығы мен сақталуын қамтамасыз ету;
  • университет қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының сақталуын қамтамасыз ету;
  • кадрлардың тұрақтамау себептерін талдау, оларды болдырмау шараларын жасау;
  • университет қызметкерлерін жұмыстан шығару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қадағалау;
  • университеттің кафедралары мен бөлімшелеріндегі еңбек тәртібінің жағдайына бақылау ұйымдастыру және ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтау;
  • кадрлық мәселе бойынша белгіленген есептерді дер кезінде ұсыну.
Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 8 қабат, А08-02
87292 42 57 15 (116, 115)
zhamal.zhamilova@yu.edu.kz