Шаруашылық жабдықтау бөлімінің міндеттері

  1. Жабдықтардың жарамдылығын қадағалау (жарықтандыру, жылу жүйесі, желдеткіш, жеделсатылар және т.б.);
  2. Жиһаздар, шаруашылық саймандарының, инженерлік және басқару жұмыстарын механикаландыру құралдарының сақталуын қамтамасыз ету, бүлінген және бұзылған жағдайда оларды жөндеу және қалпына келтіру шараларын қабылдау.
  3. Жеделсатыларды техникалық күтім және жөндеу жасауға құжаттар рәсімдеу, зарарсыздандыру қызметі, тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне,төсек жабдықтарын жууға, көлік жөндеу қызметіне, ғимараттар витраждарын жуу қызметіне, қазандық қондырғыларына қызмет көрсетуге ж.т.б құжаттар рәсімдеу;
  4. Мәжілістер, конференциялар, семинарлар мен өзге де шараларға материалды-техникалық қызмет көрсету.
  5. Мекемеге шаруашылық, әлеуметтік-тұрмыстық және материалды-техникалық қызмет көрсету бойынша есептерді жасақтау.
  6. Мекеменің ғимараттары мен бөлме-жайларын қолданыстағы санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне сай қалыпты жағдайда күтіп ұстау.
  7. Мекеменің ғимараттары мен бөлме-жайларын,сумен жабдықтау,ауа құбырлары мен өзге де құрылғыларды күрделі және кезекті жөндеу, қалпына келтірудің ағымдағы және келешектегі жоспарларын жасақтау.
  8. Ғимараттар, бөлме-жайларға жөндеу жүргізу.
  9. Жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалау.
  10. Орындалған жөндеу жұмыстарын қабылдау.
  11. Мекеме аумағында орналасқан ғимараттар мен бөлме-жайлардыкүтіп ұстау шығындарының сметасын жасақтау.
  12. Барлық көлік түрлерінің техникалық ахуалына бақылау жасау.
  13. Көлік құралдарын олардың жүк көтергіштігі және сыйымдылығы бойынша бекітілген нормаларға сәйкес тиімді пайдалану.
  14. Университетке қажет көлік құралдарына, тиеу-түсіру құрылғылары мен жөндеу жабдықтарына, қосалқы бөлшектерге есеп дайындау және қажеттілікті анықтау.
  15. Тасымал құжаттарын өңдеу, тасымал үдерісіне ақпараттық қолдау көрсету және бекітілген есептіліктің түрлерін жүргізу.
  16. Көлік құжаттарын рәсімдеу.
Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 10 қабат
8 (7292) 425768
87757878877
arman.spabek@yu.edu.kz