Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімнің негізгі мақсаты өз ата-анасын сыйлайтын және құрмет тұтатын, туған жерін, Отанын сүйетін, тілін, қазақ халқының тарихы мен мәдениетін білетін және бағалайтын, халықтар достығы мен елдің бірлігін нығайтатын, дені сау, жан дүниесі бай, еңбек ете білетін, мемлекеттік және шет тілдерді меңгерген, сапалы білім алған азаматтың тәрбиеленуіне ықпал ету.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімінің міндеттері:

«Ш. Есенов атындағы КМТИУ тәрбие жұмысы Тұжырымдамасының» төмендегі міндеттерін жүйелі түрде орындау бойынша тәрбие үдерісіне қатысты негізгі қызметті үйлестіру және әлеуметтік мәселелерді ұйымдастыру:
• патриот пен азаматтың қалыптасуына ықпал ету, тұлғаның саяси мәдениетін дамыту, оның құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
• тұлғаның рухани-адамгершілік және әдеп қағидаларының, қоғамдық өмірдің нормалары мен дәстүрлеріне сай келетін тұлғалық қасиеттері мен ұстанымдарының, өзіне, өзгелерге, қоғамға, Отанға қатысты жауапкершілік пен міндет сезімдерінің қалыптасуына ықпал жасау;
• жеке тұлғаның жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы өзге ұлттар мен ұлыстардың тілі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
• университетте көпмәдениетті орта құруға ықпал жасау, қоғамда жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның күнделікті өмірдегі және өнердегі эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға даярлығын дамыту;
• тұлғаның еңбек дағдыларын, экономикалық ойлау қабілетін және өзінің кәсіби қалыптасуы мен жетілуіне саналы көзқарасын қалыптастыру, табиғатты қорғауда белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, экологиялық сауаттылығы мен мәдениетін жоғары деңгейде дамыту;
• шығармашылық ойлау қабілеттерінің ашылуына, зияткерлік және шығармашылық мүмкіндіктерінің, көшбасшылық қабілеттері мен дарындылығын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету;
• салауатты өмір салты дағдыларын тиімді қалыптастыруға, тән-дене және психикалық денсаулығын сақтауға, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білуіне жағдайлар жасау.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 11 қабат, А11-08
87292 42 57 94 (195)
87292 42 57 65 (166)
kulyash.sarmasheva@yu.edu.kz