Мұрағат

Мұрағат Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Мұрағат қызметінің негізгі бағыттары:

  • мұрағат қорындағы құжаттарды жинақтау, сақтау және қолдану;
    • университет құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыру;
    • құжаттарды қабылдау, құндылығын сараптау;
    • тұрақты және уақытша сақталатын құжаттар мен жеке құрам бойынша істердің, сондай-ақ сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы актілерді жасап, оларды рәсімдеу (есептен шығару және жою актісі);
    • сақталатын құжаттарды тиісті қорларға бөлу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
    • құжаттарды іздестіруді жеделдетуге арналған деректер базасын жасау, оны жүргізу және жетілдіру;
    • заңды және жеке тұлғалардың сұраныстарын орындау;
    • мұрағаттық анықтамалар, құжаттардың көшірмелері мен үзінділерін әзірлеу және оларды рәсімдеу;
    • бастапқы құжаттарды беру (оқудан шығарылған білім алушылардың);
    • сұраныс бойынша оқуды аяқтағаны жөніндегі растаманы дайындау.

Мұрағат алдына қойылған міндеттерін орындау және қажетті ақпараттарды алу мақсатында университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынаста болады.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 5 қабат, А05-02
8(7292) 42 58 07 (112)
klavdiya.makhutova@yu.edu.kz