Әкімшілік департаменті

Әкімшілік департаменті қызметінің негізгі мақсаты – ұйымдастыру және басқару циклін қадағалау, университет басшысының шешімдерін уақытында жүзеге асыру, университеттің дамуына үлес қосу, шетелден келген азаматтармен бірге ынтымақта жұмыс істелуге ықпал ету.

Әкімшілік департаменті қызметінің негізгі міндеттері

  • жоғары оқу орнының жарғысына сәйкес ұйымның әдістемелік, әкімшілік, шаруашылық қызметтеріне басшылық жасап және сол мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерді бақылау;
  • еңбек туралы заңға сәйкес жұмысқа қабылдау мен шығару, марапаттау және шара қолдану мәселелерін қарастыру;
  • университет қызметінің заңға сәйкес жүргізілуін, қажетті кадрлармен қамтамасыз етілуін;
  • құжаттарды есепке алу және сақтау жұмыстарының уақтылы орындалуын және басқару үрдісінің тиімді жүйесінің ұйымдастырылуын бақылау;
  • барлық құрылымдық бөлімдердегі қызметкерлердің атқарушылық және еңбек тәртібінің ішкі ережеге сай сақталуын бақылау, тексеру;
  • келіп түскен және шығыс хат-хабарлардың қозғалыс тәртібін анықтау бойынша бақылау жүргізу;
Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 14 қабат
87292 42 57 03 (104)
lazzat.ahatova@yu.edu.kz