Сайыстар

«Yessenov University»-дың студенттері облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі түрлі байқаулар мен сайыстарға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Сонымен қатар, білім алушылардың белсенділігін арттыру және ынталандыру мақсатында университет өміріне белсене араласатын оқуда, спортта, ғылыми-ізденушілік және қоғамдық жұмыстарда жоғары деңгейдегі көрсеткіштері бар студенттер ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында, алдыңғы қатарлы ЖОО-да және тағы басқа ЭКСПО-2017 сияқты өңірден тыс жерде өткізілетін маңызды шараларға іссапарларға жіберіліп отырады.