Вакансия

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
профессор-оқытушылар құрамы бойынша бос лауазымдарға конкурс жариялайды

Кафедраның

атауы

Кафедра меңгерушісі

Профессор

Доцент

Аға оқытушы

Оқытушы

1Биология және география125
2Шет тілдер111
3Қазақ тілі және әдебиеті12
4Педагогика және психология125
5Физика және математика1133
6Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер4
7Тілдік пәндер113
8Дене тәрбиесі және спорт9
9Мұнай газ ісі және геология1122
10Мұнай газ саласындағы машина жасау25
11Экология және химиялық технологиялар16
12Ақпараттық жүйелер және энергетика11272
13Теңіз және жерүсті көліктері1114
14Құрылыс11131
15Менеджмент112
16Құқықтану131
17Қаржы, есеп және аудит113
18Экономика11

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарға конкурстық орналасуына тиісті бейіндері бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын (бұдан әрі – үлгілік біліктілік сипаттамалары) бекіту туралы» 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес адамдар жіберіледі (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5750 тіркелген).

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізімі: өтініш; кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы; өмірбаян; жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары; қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары; ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда); № 086 нысанындағы медициналық анықтама, 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6697 тіркелген); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама; профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 11304 тіркелген) (бұдан әрі – № 272 бұйрық) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы; № 272 бұйрықпен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушысының тіркеуде тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылданады.

Сырттан келген оқытушыларға профессор-оқытушыларға арналған «Зерде» тұрғын үйінен қызметтік пәтер беріледі.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 130003, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 32 ш/а, (8-06, 8-07 бөлме, кадрлар бөлімі), тел. (87292) 42-57-14, 15.

Вакансия

Біз жаһандық ғылыми-білім беру нарығындағы көшбасшылыққа ұмтыламыз. Алдына қойылған міндеттерді шығармашылықпен шешуге қабілетті жоғары білікті қызметкерлер құрамы – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің басты ресурсы.

Егер сіз энтузиазмға толы күшті әрі батыл адам болсаңыз, командада жұмыс жасай алсаңыз, сонымен қатар ғылыми-білім беру және халықаралық ұйымдарда жұмыс жасау ерекшеліктерімен таныс болсаңыз, біз сізді Ш. Есенов атындағы КМТИУ командасы құрамының мүшесі болуға шақырамыз.

Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау конкурстық негізде келесі тәртіппен іске асырылады:

Ваканттық қызмет болған жағдайда Ш. Есенов атындағы КМТИУ-нің веб-сайтында вакансия және үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы хабарландыру жарияланады.

Үміткерлер түйіндемелерін немесе толтырылған анкеталарын нақты вакансияға хабарландыру мәтінінде көрсетілген электрондық поштаға, ал егер басқа электрондық пошта көрсетілмесе, cv@kguti.kz электрондық поштасына ваканттық позициясының атауын көрсетіп жолдауға тиіс. Хат тақырыбында немесе мәтінінде ваканттық позициясының атауы көрсетілмеген өтінімдер қаралмайды.

1. Ш. Есенов атындағы КМТИУ-нің кадрлар бөліміне келіп түскен түйіндемелер көрсетілген талаптарға сәйкестігіне қаралады.

2. Іріктеуден өткен үміткерлер өтінім берген құрылымдық бөлімшелер деңгейіндегі әңгімелесуге шақырылады және/немесе кәсіптік білімін анықтау бойынша тестілеуден өтеді.

3. Келіп түскен өтінімдер вакансия туралы хабарландыру берілген күннен бастап екі апта ішінде қаралады.

1. Кафедра маманы (кафедра «Финансы, учет и аудит»)
(дата опубликования 09.02.2018)
– 1 бірлік.
2. Заведующий студенческим комбинатом питания
(дата опубликования 22.02.2018)
– 1 бірлік.
3. Руководитель службы внутреннего аудита
(дата опубликования 13.04.2018)
 – 1 бірлік.
4. Работник службы внутреннего аудита
(дата опубликования 13.04.2018)
– 1 бірлік.
5. Помощник ректора
(дата опубликования 17.04.2018)
– 1 бірлік.
6. Старший специалист среднего уровня квалификации (мастера) кафедры «Военная»
(дата опубликования 27.04.2018)
– 1 бірлік.
7. Дворник студенческого общежития № 2
(дата опубликования 27.04.2018)
– 1 бірлік.
8. Директор административного департамента
(дата опубликования 14.05.2018)
– 1 бірлік.
9. Инспектор отдела кадров (временная должность)
(дата опубликования 15.05.2018)
– 1 бірлік.

АДРЕС: 130003, Мангистауская область, город Актау, 32 мкр. (каб. 13-06, 13-07, отдел кадров), тел. (87292) 42-57-14,15.