Қызым, саған айтам…

Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасында Жастар жылына орай «Қызым, саған айтам…» атты ұлттық-тәрбиелік кездесу өтті. Кездесуге ұлттық өнер шебері, көп балалы ана Гүлшат Кобегенова қатысып кафедрамыздың бойжеткен қыздарына халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, салт-жоралғысы туралы түсіндірді.
Шараның мақсаты: қазіргі қазақ қызының тәрбиесі мен бойындағы ұлттық құндылықтарды ояту, оларды отбасылық өмірге тәрбиелеу жолдары мен қазақ халқының салт-дәстүрін талқылау.