«Құқықтық тәртіп» орталығы ашылады

Yessenov University ректорының міндетін атқарушы Ермек Талантұлы Нұрмағанбет, Маңғыстау облысы полиция Департаментінің бастығы Қанат Даниярұлы Таймерденов және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының басшысы Айдар Мүталықұлы Сайтбеков өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты Yessenov University базасында «Құқықтық тәртіп» аймақтық оқу орталығын дамыту болып табылады. Аталған орталықта кәсіптік бағдар беру жұмыстары, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, студенттерді полицияның ерікті көмекшілері қатарына тарту, волонтерлік қозғалысты дамыту, болашақ мамандарды Құқықтану саласында практикаға бағытталған оқыту жүзеге асырылады.