Gazi Üniversitesi-мен ынтымақтастық

Yessenov University басшылығы Gazi Üniversitesi-де іс-сапарда болды. Университет басшылары кездесіп, кездесу барысында екі университет арасында интернационализацияны дамыту мақсатында ынтымақтастық түйіндері анықталды. Экономика және инжинерлік мамандықтар бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алушылар мен қызметкерлерді тағылымдамадан өткізу және халықаралық бағдарламалар аясында жобаларға қатысу сияқты өзекті мәселелер бойынша келіссөздер жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол койылды.

Leave a Reply